ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОББ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243367

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Бас маман Инспекция басшысына, оның орынбасарына және бөлім басшысына бағынады.

Бас маманды Инспекция басшысы тағайындайды және қызметінен босатады.

өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін, мемлекеттік және басқа мекемелерден тиісті ақпаратты алу.

бас маман қызметтік міндеттерін атқарғанда, жанында қызметтік куәлігі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 14-1 бабы 1 тармағының сәйкес:

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.

Басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізу.

апталық, айлық, тоқсандық, жылдық мәліметтерді уақытында жинақтау.

Инспекция басшысы, оның орынбасарының және бөлім басшысының жүктеген өзгеде тапсырмаларын орындау.

Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау.

ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурудың шығуын және тамақтан улануының және олардың пайда болуы себептерін анықтау.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қадағалау.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау.

Облыстағы аса қауіпті ауруларға мониторинг жасау, ауру ошағы тіркелген жағдайда шұғыл хабарламалар жіберу және басқа да тапсырылған жұмыстарды орындау.

Денсаулық сақтау басқармасымен ақпараттар алмасу, жинақтау, қорытындылау, мониторинг жасау.

Аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялардың жұмыстарына бақылау жүргізу.

Сібір жарасы ошақтары туралы айлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, қорытындылау, белгіленген уақытында уәкілетті органға жолдау.

Бас маман уақытша қызметте болмаған кезде оның функционалдық міндеттерін осы бөлімнің бір бас маманы орындайды.

Аудандарға (қалаға) берілген тапсырмаларды және тоқсандық, айлық, апталық мәліметтер мен ақпараттарды жинақтап, қорытындылап уәкілетті органға уақытылы жолдау.

Өтiнiштер бойынша қабылданған мәселелер мен шешiмдердiң мәнiнiң дұрыс толтырылуы үшiн жауапкершiлiк өтiнiштердiң тiкелей жауапты орындаушыларына жүктеледi.

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2025 – 11.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

12.03.2025

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945