ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Индексі ОАФО-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243367

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Бухгалтерлік есеп

Функционалды міндеттер

Есеп пен есептемелердің уақытында және сапалы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырады және жауапкершілікте болады; инспекцияның бухгалтерлік есебінің нақтылығын және сапасын бақылайды және жеке жауапкершілікте болады; Ауыл шаруашылығы министрлігінен бөлінген қаржының игерілуін бақылайды  және жеке жауапкершілікте болады;  банк – клиент жүйесінен өткiзiлген құжаттарды және инспекцияның қаржыларының төлем есебiндегi қалдықты тексереді;  ай сайын № 2 меморальды ордерді толтырады;  жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бюджеттік өтінім және ҚСХҚЕС-сі есептеу әдісі бойынша есеп тапсырады;  ай сайын инспекцияның бас кiтабын, игерiлген қаражаттарды мемориал ордерлерiне сәйкес толтырады;   материалдық құндылықтардың сақталуына және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;   бастапқы құжаттардың сақталуын және олардың бекітілген істер номенклатурасына сәйкес архивқа уақытында тапсырылуына бақылауды жүзеге асырады;  инспекцияның құрылымдық бөлімдерінің материалдық жағынан жабдықталуына ықпал етеді;  қабылдау-тапсыру актілерін мүліктік жалдау шартына сәйкес дайындайды; негізгі құрал жабдықтарды түгендейді және  есебін жүргізеді;  негізгі құрал жабдықтардың және материалдық құндылықтардың кіріс және шығыс есебін жүргізеді; тозығы жеткен материалдық құндылыктардың уақытында құжаттарын дайындап есептен шығарады; жыл сайын негізгі құрал жабдықтарға, материалдық құндылықтарға және тоқсан сайын қатаң есептіліктегі бланкілерге инвентаризация жүргізеді; ай сайын белгіленген  уақытта статистикалық басқармаға негізгі құрал жабдықтардың қозғалысы туралы есебін толтырады және тапсырады; төлем тапсырмасы және келісім шарттарды тіркеуді жүргізеді; ай сайын жабдықтаушылармен есеп айырысу және айналым кітабын жургізеді және № 6 мемориалдық  ордерін толтырып, белгіленген мерзімде бас есепшіге тапсырады;   жыл сайын бастапқы құжаттарды реттейді  және бекітілген істер номенклатурасына  сәйкес архивке құжаттарды дайындайды;  әр қызметкерге әлеуметтік зейнетақы қорына дербес шот ашады;  ай сайын қызметкерлерге есеп айырысу тізімін береді; күнделікті Қазынашылық-клиентпен жұмыс жасайды, қызметкерлердің ай сайынғы еңбек ақыларын, еңбекке жарамсыздық парақтарын, еңбек демалыстарын және іс сапар шығындарын уақытында төлем шотқа түсіреді; қызметкерлердің іс сапарға шығуын және келуін есептеп №8 мемориалды ордерді белгіленген мерзімде толтырады; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады. "В" - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2025 – 11.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945