ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УПО-2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
282306
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
В функционалдық блогы.
3.1. Басқарма бас сарапшысы:
1) Комитет төрағасы мен басқарма басшысының құжаттарын және тапсырмаларын уақытылы орындайды;
2) сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Комитеттің мүдделерін білдіреді;
3) Комитет әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс-жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;
4) Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындайды;
5) Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Комитеттің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитет атынан түсiнiктеме дайындайды;
7) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;
8) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитет пен оның аумақтақ бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы бырлық сот сатыларында қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;
10) белгіленген мерзімде келіп түсетін бақылау құжаттарын орындайды;
11) ішкі еңбек тәртібі ережелерінің талаптарын сақтайды;
12) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады;
13) Басқарма туралы Ережеде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.03.2025
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945