Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты C-O-4 (1 бірлік), 18-13.3-1.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық ету. Заңнамаға сәйкес бухгалтерлік және салықтық есепке алу мен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан есептен шығарудың заңдылығын қатаң бақылау. Алдағы жылдарға арналған жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарларын және оларға есептерді жасау және инспекция басшылығымен келісу. Активтердің, құндылығы төмен және тез тозатын заттар мен басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Еңбекақы төлеу қорларының жұмсалуын, лауазымдық жалақылардың белгіленуін, ТМҚ мен негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді бақылау. Бөлімнің құзыретіне жататын есепке алу және есептілік мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, басқа да нормативтік құжаттарды жүйелендірілген есепке алу. Белгіленген мерзімде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК мемлекеттік инспекция комитетіне, Мемлекеттік кірістер департаментіне, статистика басқармасына бухгалтерлік және басқа да есептіліктерді ұсыну. Негізгі құралдар мен материалдарды қабылдау актілері бойынша комиссия мүшесінің қатысуы. Қол астындағылардың жұмысын жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру қабілеті, жедел есептілікті дайындауды қамтамасыз ете білу. Жетіспеушіліктердің, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды. Инспекцияның кадрдық және заңгердің жұмысына жауапты және № 1-ДП және № 1-ЖС нысанындағы есептерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасына уақытылы тапсыру. Мемлекеттік органның бухгалтерлік есеп, кадрлық, құқықтық қызметтерін жоспарлайды, ұйымдастырады және өткізеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.02.2025 – 18.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу күні

20.02.2025

Сұхбаттасу орны

Ақтау қаласы, 16/1 шағын ауданы

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885