Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті сыбайлас жемқорлық превенциясы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысының және басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша негізгі міндеттерді орындайды; Министрлік жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын уақтылы орындауды жүзеге асырады; «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және қарсы іс-қимыл»  № 4 ЖББ жүзеге асыру картасын уақытылы орындалуын жүзеге асырады; Министрліктің сайтын және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақппараттық порталын сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы материалдармен (оның ішінде № 4 ЖББ) толтыруды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсырылуын қадағалауды жүзеге асырады; САЕАК АЖ-нде сұрау салуды қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша тоқсан сайын есеп жүргізуді жүзеге асырады; Басқарманың құжаттарын дайындауды және Министрліктің мұрағатына тапсыруды қамтамасыз етеді; Басқарманың жұмысына қатысты құжаттарды дайындауды, іс қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді; Басқарманың құзыретіне қатысты құжаттарды, басшылардың тапсырмаларын және нұсқауларын уақытылы орындайды; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтініштерімен жұмыс істейді; Ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтайды; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады; Департамент директоры, департамент директорының орынбасары және басқарма басшысы жүктеген, сондай-ақ Департамент туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.01.2025 – 23.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

87172555918