Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқарманің бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УКОИПР-7
Балық шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Комитеттің және оның бағынысты мекемелерінің құзыретіне, сондай-ақ олардың қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпаратты беру, бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар әзірлеуге қатысу,тілшілерге және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне Комитеттің және оның бағынысты мекемелерінің құзыретіне, сондай-ақ олардың қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық және кеңінен таратуға жәрдемдесу, лауазымды адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру, Комитеттің интернет-ресурсында Комитеттің, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмысы туралы ақпаратты орналастыру, интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу, келіп түсетін сұрау салуларға уақтылы жауаптар дайындау, Комитеттің медиа-жоспарын әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау, есептіліктер дайындау, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен, одақтармен, қауымдастықтармен, партиялармен, кәсіби одақтармен, ардагерлер кеңесімен, БАҚ-мен жұмыс жүргізу және өз кұзіреті шегінде Комитеттің мүдделерін білдіру, бұқаралық ақпарат құралдарында Комитеттің бетбейнесін көрсету және беделін арттыру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік желіні мониторингілеу, Комитеттің ресми сайтын жүргізу, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, басқа органдардың баспасөз қызметтерімен бірлесіп іс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе басқа нормативтік құқықтық актілерде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, Комитеттің және оның бағынысты мекемелердің құзыретіне, сондай-ақ олардың қызметіне жататын мәселелері бойынша өзге де функцияларды орындау, құзіреттілігіне жататын сұрақтар бойынша Кеңестер, семинарлар, мәжілістер, дөңгелек столдар өткізуді ұйымдастыру, олардың хаттамаларын жасау және мәжілістерге қатысу үшін басшылықтың құжаттары мен материалдарын дайындау, құзіреттілігіне жататын сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Комитет төрағасының бақылаудағы тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет және Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.(Блок Б, грейд 5).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
brimzhanova.sh@minagri.gov.kz
- 10.01.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8(7172) 74-10-15