Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, C-O-4 санаты (ОГКЗИИОЗ-6, 1 бірлік)
Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Маңғыстау облысы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Құқықтану
Қосымша талаптар
жер ресурстарын басқару және оларды қорғау
Функционалды міндеттер
Департамент атынан тиісті әкімшілік аумақтық басқару аймағында тексерулер өткізу; Маңғыстау облысы аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу; Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүргізу; Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелері бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру; Өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар дайындау, табыстау; Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге; Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы, сапалы жауап беру; Департамент қызметі бойынша құқықтық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді дайындауды, рәсімдеуді, тиісті тіркеуді қамтамасыз ету; Департаменттің ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу; Департаменттің құқықтық жұмыстарын жүргізу: 1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар шығару; 2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар дайындау; 3) Әкімшілік істерді тіркеу және нөмірлеу, құқықтық статистика органдарының мәліметтер қорына енгізу; Функционалдық міндеттері/ Функциональные обязанности 4) Департаменттегі мемлекеттік инспекторлармен жасақталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалардың дұрыстығы мен заңдылығын қарау. 5) Тексеру туралы актілер жасақтау және оларды құқықтық статистика органдарына тіркеу; Тексерулер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау; Жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте: 1) Өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 2) Өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; 3) Қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігіндегі мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына шағымдану, сонымен қатар лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өзге де міндеттерді орындау. Геодезиялық құралдар арқырылы жер участкелерің өлшеу жұмыстарын жүргізу және жер участкелерінің кеңістіктік орналасуын, объектілердің үйлесімі мен өзара байланысын модельдеу. Бөлімнің жұмысын реттеу, тапсырмаларды әділ бөлу және орындалуын қадағалау. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iсшаралардың уақтылы және сапалы орындалуына, жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізу. (А функционалдык блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
omarova.ka@minagri.gov.kz
- 05.01.2025
- г. Актау, микрорайон 23, здание 41, кабинет 116
-
анықтама телефоны: 8 (7172)74-97-26, факс: 8 (7172)74-97-26