Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Ұлытау облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маман, санаты C-O-5 (1 бірлік), ОРИПОҰ-3

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Биология
  • Экология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Функционалды міндеттер

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Балық шаруашылығын жүргізу және балық аулау қағидаларын, балық ресурстарын пайдалануға қойылған шектеуліктер мен тыйым салуларды ұстануға бақылау жасауды жүзеге асыру. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау. Мәжбүрлеу өндіріс материалдарын дайындау. Браконьерлікпен күрес бойынша жедел шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Су жануарларын интродукциялау, реинтродукциялану, будандасу және жерсіндіруді жүзеге асырудың уәкілетті орган белгілеген тәртіптерін сақтауға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтерді сақтауға, Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамалардың басқа да талаптарын орындауға мемлекеттік бақылау жасау. Балық және басқа су жануарларының өлу себептерін анықтау бойынша комиссияға қатысу. Балық және басқа су жануарларын өсіру технологиясына бақылау. Балықты бақылау мақсатында аулауды ұйымдастыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру, әкімшілік соттарға қатысу, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа қатысу. Ғылыми кепілдеменің негізінде балықтардың жойылу қаупі төнген жағдайда балықты жаппай аулау туралы шешімді қабылдауды ұйымдастыру. Балықты бақылау мақсатында аулауды ұйымдастыру. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік орган және функционалдық міндеттер туралы ережеде көзделген міндеттемелерді орындау(Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.12.2024 – 31.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

05.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15