Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 18-7-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

471788

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-8) Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау; республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру; қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастыру; қаржы қаражатының қозғалысын есепке алуды бақылауды жүргізу; реттелетін салада бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қаржыландыру мәселелері бойынша қызметке басшылық ету және ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, Комитеттің, облыстық аумақтық инспекциялардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік өтінімін жасау; бюджеттік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; тиісті қаржы жылына арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасы және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлінісінде республикалық бюджеттің шығыстар жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивтік құжаттарының, тапсырмаларының орындалуын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.12.2024 – 23.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885, 8708-104-92-72;