Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Тасқала аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 12.03.2026 жылға дейін), санаты C-R-4 (1 бірлік), 18-9-09-3
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: биология, биотехнология; педагогикалық ғылымдар: биология; ауыл шаруашылығы және биоресурстар:жеміс-көкөніс шаруашылығы, агрономия, топырақтану және агрохимия, аграрлық техника және технология, өсімдік қорғау және карантин, фитосанитарлық қауіпсіздік; ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария (агроном).
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-4) Өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, өсімдіктерді қорғау құралдарымен қолдану ережелерін сақтауды бақылау; пестицидтердің айналымы саласындағы техникалық регламенттердің сақталуы; шаруашылық жүргізуші субъектілерге фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; шаруашылық жүргізуші субъектілеріне фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; өсімдіктерді қорғау және карантині мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын жүргізу; жеке құжаттаманы жүргізу. Пестицидтерді (улыхимикаттарды) тіркеуге, өндірістік сынақтарын өткізуге қатысады. Бекітілген аумақта фитосанитариялық есепке алу мен есептілік жүргізуді ұйымдастырады; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құзыреттіліктерді жүзеге асырады. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс – шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың карантиндік немесе фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, тұқым және карантиндік арамшөп өсімдіктердің жемістерін өміршеңдігінен айыруды, және (немесе) залалсыздандыру мен ағаш қаптау материалының таңбалануын қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты қайта өндеуді және оны қайта өндейтін өнімдерді жүзеге асыратын нысандарға есептік нөмір беру, ғылыми – зерттеу мақсаттарында карантиндік нысандарды (карантиндік зиянды ағзаларды) әкелуге келісу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Инспекция басшысымен белгіленген басқа міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sailauova.a@minagri.gov.kz
- 30.12.2024
- Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75
-
87172-555-885