Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті сыртқы сауда басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
512005
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру; кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілуі мүмкін өзге де тауарлардың тізбесін әзірлеу; нормативтік құқықтық базаны, баға, кеден қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; АӨК отандық өнімдерін сату үшін кедергілерді жою бойынша шаралар әзірлеу; АӨК өнімдерінің электрондық сауда жүйесін құруға қатысу; Еуразиялық экономикалық одақтың алаңында ұсыныстар әзірлеу үшін агроөнеркәсіптік кешеннің барлық тауарлары бойынша нарықтарға талдау жүргізу; кедендік-тарифтік және тарифтік емес шараларды, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, шикізат пен материалдарды әкелуге, әкетуге және олардың айналымына тыйым салулар мен шектеулерді әзірлеу және қолдану; үшінші елдермен еркін сауда туралы сауда келісімдерін әзірлеуге қатысу; еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия береді; Департамент құзыретіне кіретін Департаменттің, Министрліктің басшыларының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
87172555918