ҚР АШМ АКМИК Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және өсімдіктер қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 09.09.2026 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биология
- Биотехнология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; жұмыс жоспарын құрастыру; ақпараттарды жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; дау мәселелері туа қалған жағдайда сарапшы болу. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың карантиндік немесе фиосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, тұқым және карантиндік арамшөп өсімдіктердің жемістерін өміршеңдігінен айыруды, және (немесе) залалсыздандыру мен ағаш қаптау материалының таңбалануын қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты қайта өндеуді және оны қайта өндейтін өнімдерді жүзеге асыратын нысандарға есептік нөмір беру, ғылыми – зерттеу мақсаттарында карантиндік нысандарды (карантиндік зиянды ағзаларды) әкелуге келісу. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктерді қорғау құралдарымен қолдану ережелерін сақтауды бақылау; пестицидтердің айналымы саласындағы техникалық регламенттердің сақталуы; шаруашылық жүргізуші субъектілерге фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; шаруашылық жүргізуші субъектілеріне фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын жүргізу; жеке құжаттаманы жүргізу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс – шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Пестицидтерді (улыхимикаттарды) тіркеуге, өндірістік сынақтарын өткізуге қатысады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Функционалды блок - А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
isabekova.k@minagri.gov.kz
- Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 15 үй
-
87027203572