ҚР АШМ АКМИК Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және өсімдіктер қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 16.08.2026 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Биотехнология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Реттелетін салада мемлекеттің аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асырады. Карантиндік объектілері бойынша фитосанитарлық мониторингін ұйымдастырады. Фитосанитарлық шараларды жүргізудің әдістерін, заңмен реттейтін әдістемелерді, тәсілдерді, ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Фитосанитарлық есептің жүргізілуін ұйымдастырады. Өсімдіктер карантині бойынша іс – шаралардың өткізілуін ұйымдастырады және олардың өтуіне бақылау жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайды. Өсімдіктер карантині мәселелері бойынша шаруашылық жүргізетін субъектілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау, мемлекеттің өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағымды фитосанитариялық жағдайын қамтамасыз ету, фитосанитариялық іс-шараларды өткізу кезінде халықтың денсаулығын пестицидтердің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің зиянды әсерінен, қоршаған ортаның ластануынан ескерту және алдын алу. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады: өсімдіктерді қорғау ісі мәселесі бойынша шаруашылық субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Пестицидтердің (улыхимикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізудің жүргізілуіне қатысады. Семинар – кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, бөлімнің жұмыс жоспарын құрастыру; РФД және БӘО жұмысын бағыттайды, аумақтық инспекция басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру. Мемлекеттік органдармен қарым – қатынас жасайды. Бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ісшараларды сақтау.

Функционалды блок - "A"

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2024 – 23.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

город Алматы, улица Макатаева, дом 15

Анықтама алу үшін байланыс

87027203572