Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), Функционалдық блогы "А"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Тапсырмаларды лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес орындау. Кіріс және шығыс хат-хабарлау бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, Басқармаға жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауды қамтамасыз ету. Жер заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету. Жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер учаскелерін орман қоры жерлерінің санатынан, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарын келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз ету. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
abdikarimova.b@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мангилик Ел даңғылы, 8 ғимарат, 2 - кіреберіс, 309 каб
-
8(7172) 74-97-26