Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 29.09.2025 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), санаты C-4, 1 бірлік, № 18-6-3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок В-5) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру; Комитеттің бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламалары) бойынша әрбір электрондық конкурсқа бұйрық жобасын дайындау және орындалуын қамтамасыз ету, конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысу, Министрліктің веб-порталында және интернет-ресурстарында жариялау, әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау; Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу актілеріне бұрыштама қоюды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу және бюджетті атқару саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
87172-555-885, 8708-104-92-72;