Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы, № 18-11.3-1.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Қостанай облысы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биология
- Экология
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-6) Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Реттелетін салада мемлекеттің өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын іске асырады. Карантиндік объектілер бойынша фитосанитариялық мониторингті ұйымдастыру. Фитосанитариялық ісшараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелер мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысады. Фитосанитариялық ісшараларды, фитосанитариялық есепке алуды жүргізуді және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады, сондай-ақ олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Бөлім қызметін ұйымдастырады және басқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өсімдіктер карантині мәселелері бойынша қызметін бақылауды жүзеге асырады, семинар – кеңестерді ұйымдастырады және өткізеді, бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды, "Фитосанитария" ШЖҚ РМК, "РФДжБӘО" ММ, Қостанай облыстық карантиндік зертханасының жұмысына жетекшілік етеді, заңнамаға сәйкес ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының басшылығымен айқындалатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерді және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы берілген нұсқамаларды бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады және олардың орындалуын бақылайды. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың қағидаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзуға жол берген жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды бақылау. Сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды сақтау. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәніне мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруды және зерттеп-қарауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты бақылау. Карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою бойынша жүргізілетін іс-шараларға, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын зарарсыздандыруды ұйымдастыруға және оны жүргізу сапасына бақылау жасау. Фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелер мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге және Қазақстан Республикасына карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алу бөлігінде Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді және іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
isabekova.k@minagri.gov.kz
- Қостанай қаласы, Леонида Беды көшесі, 23А үй
-
8 (702) 7203572