Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, ( С-О-5 санаты) ОГКЗИИОЗ-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру:

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына, жер учаскелерінің сауда-саттығының (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуіне, жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;

- мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

-жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне;

- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына;

- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

-жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;

- жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;

- жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

- азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;

- межелік белгілердің сақталуына;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;

- бүлінген жерлердің рекультивациялануына;

- жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

- жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;

- Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;

- пайдаланылмай жатқан немесе ҚР жер заңнамасын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік, жайылым жерлерін қайтару бойынша шаралар алу;

- егістік жерлердің пайдалану деңгейін анықтау;

- жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасына сәйкес ұтымды пайдалануға бақылау жүргізу;

- жер учаскелері және олардың субъектілері туралы деректер, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты алу бойынша жер кадастры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде және жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау;

- жер учаскесінің сызбаларымен, ситуациялық жоспарларымен, карталарымен (топографиялық-геодезиялық) жұмыс жасау;

- жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу жұмыстарына бақылау жүргізу;

- жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау, елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының сызбаларын жасау, жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау мәселелеріне бақылау жүргізу;

- басшылық тарапынан бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді орындау (функционалдық блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.12.2024 – 12.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Mb

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы. 101 атқыштар бригадасы көшесі, 2 б

Анықтама алу үшін байланыс

(7172) 749726