Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № 18-6.4-5.
ҚР АШМ АӨК МИК Шығыс Қазақстан аумақтық инспекциясы
Шығыс Қазақстан облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(блок B-4) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұйрықтарды әзірлеу; қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу, басшыға уақытында бекітуге ұсыну; Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік және еңбек тәртібінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының, инспекция регламенті және ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау; көтермелеу, сыйақы, үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелерді ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру; тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуді бақылау; мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық есептіліктерді, іс қағаздарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен сапалы атқаруды жүзеге асыру, еңбек кітапшаларына тиісті жазбаларды дер кезінде енгізу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерімен, іс қағаздарымен, құжаттарымен жұмыс жасау, персоналмен жұмыс бойынша басқа да тиісті жұмыстар атқару; біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарына уақытылы өту бойынша жұмыстарды жүргізу; құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларын уақытылы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
isabekova.k@minagri.gov.kz
- 18.12.2024
- Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 40 үй
-
87027203572