ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, № Р-10

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Инспекция басшысының орынбасары Инспекцияның құзіреті шеңберінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының, Комитет басшылығының тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастырады. 

Инспекция қызметкерлерінің жұмыс әдістерін жақсарту және еңбек тәртібін сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Ветеринариялық бақылау пунктерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында міндетті түрде орындалуға жататын актілер шығаруға құқылы;

Шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларын, сонымен бірге ветеринарлық бақылау пунктеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қызметінен шеттету туралы шешім шығарады;

Ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;

Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының талаптарын орындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізеді;

Бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды бақылау жасауды және   қадағалауды ұйымдастырады;

Жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюды, алдын алуды, емдеуді немесе диагностикалауды қосып алғанда бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру: залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды алып жою; жануарлардың өнімділігін арттыру; адамдар жануарлардың жұқпалы ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, жем-шөп және жем-шөп қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді орындайды; 

Жануарларды бірдейлендіруді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының                   1-1 тармағына сәйкес, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын  жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

Облыс аумағындағы ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланы¬латын жануарлар ауруларының қоздырушылары штаммдары¬ның пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препарат¬тарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға  Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына;

 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процесстерінің (сатыларының) сәйкестігіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

Тамақ өнімдерінің айналымы және өндіру (дайындау) процесстері (сатылары)  кезеңінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерінің қауіпсіздігіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және өзге де объектілерге тексеруді ұйымдастырады және жүзеге асырады,

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.12.2024 – 10.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

13.12.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945