ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, индекс № ОАИФО-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243367

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Функционалды міндеттер

В функционалдық блогы.

Негізгі функционалдық міндеті: инспекцияның қаржы-шаруашылық, мемлекеттік сатып алу қызметтерін ұйымдастырады және оларға бақылау жүргізеді, комитетке жарты жылдық және жылдық есептерді өткізеді, республикалық бағдарламалар бойынша бөлінген қаражатты игеру, қаржыландыру жоспарын, бюджеттік өтінім дайындау, түгендеу жүргізу, мемлекеттік сатып алу жөнінен жұмыстарын ұйымдастырады, қызметшілердің білімін көтеру, қайта даярлау курстарына бөлінген қаржыны уақтылы игерілуін қамтамасыз ету, қызметшілердің еңбек ақыларын уақтылы беру, салық төлемдері есептерін жүргізу, бюджетке аудару, есеп беру, іссапар шығыңдарын есептеу, материалдық құңдылықтарға  есеп жүргізу,  мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындау, келісім шарт жасау,еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау.Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Еңбек кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарының талаптарын сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбегін қорғау, қызметкерлер арасында құқықтық оқулар өткізу, тәртіптік жауапкершілік жөнінен есептерді тапсыру, еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.12.2024 – 10.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945