Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті мемлекеттік қызметтерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Функционалды міндеттер

9000 сериялы ИСО стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізуге қатысу; мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу; агроөнеркәсіптік кешені саласында мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасы мен уақытылығын жақсартуды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу; мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмысын, олардың «e-gov.kz» порталында қолжетімділігін, және де Министрліктің сайтында оларды  алу бойынша ақпаратты үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешенінің нормативтік құқықтық актілері, бағдарламалы құжаттары жобаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды, Басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; Депутаттар сауалдарын, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, жауаптар дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.11.2024 – 27.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

87172555918