Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмыс бөлімінің бас маманы, C-O-5, 1 бірлік, индекс ОПБИОР №04-02
Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Ұлытау облысы
226832
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Құжаттандыру мен іс жүргізуді ұйымдастыру. Департаменттің құжатайналымы бағыты бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөліміне заңнамада белгіленген есептердің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету, Департаментте «ҚБПҮ» белгісі бар таратылуы шектеулі құжаттармен, істермен, басылымдармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудың есебін жүргізеді. №1-ТӨ нысанындағы есепті қалыптастыру үшін «Е - Өтініш» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында мәліметтерді уақытылы әрі сапалы енгізуге, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық бөлімшесімен салыстыру актілерін жасау, Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеу, Департаменттегі кадрлық жұмыстарға қатысты тиісті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілер туралы есептердің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету, Мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру семинарынан және қайта даярлау курсынан белгіленген мерзімдерде өтуін ұйымдастыру, жұмысқа келу жөніндегі табель толтыру, іс жүргізу бойынша құжаттарды тіркеу, есепке алу және сақтау жұмыстарын жүргізу, Департаменттің кадр жұмысы бойынша бұйрықтары жобаларын әзірлеу, кадрлар бойынша белгіленген басқа да құжаттамаларды ресімдеу, қызметкерлердің еңбек іс-әрекеттеріне байланысты жеке іс-қағаздарын қалыптастырып және жүргізіп, оларға өзгертулер енгізу, Қызметкерлердің қазіргі және бұрынғы еңбек іс-әрекеттері туралы анықтамалар беру, еңбек кітапшалары мен өзге құжаттарды толтыру, есепке алу және сақтау, қызметкерлерге кезекті еңбек демалыс кестесін құру, қызметкерлермен ішкі еңбек Ережелері тәртібінің сақталуын және еңбек тәртіптерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру.
«Б» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.11.2024
- Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары 15, 1 кабинет
-
74-97-26