Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы (С-R-4 санаты, индекс № 13-2, 1 бірлік).
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Қызылорда облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Ауылшаруашылық ғылымдары саласы: Өсімдік шаруашылығы бағытында (Агрономия) немесе (Өсімдік қорғау және карантин) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Функционалды міндеттер
1. Зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы жұмыстар атқару, ауданда фитосанитариялық мониторинг және фитосанитариялық іс-шараларға бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған басқа да функцияларды атқару;
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға, тасымалдауға және қолдануға бақылау жасау;
3. Фитосанитарлық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне және уақтылы табыс етілуін қамтамасыз ету;
4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйіне бақылау жүргізу;
5. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылау;
6. Өсімдіктерді қорғау іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу.
7. Осы санаттағы бекітілген лауазымдық нұсқаулығына сәйкес міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 30Г,
-
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, 120018, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 30Г, анықтама үшін телефондары: 8 (7242) 21-25-62, 21-25-96, факс 8 (7242) 21-25-68