Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, санаты С-R-1, 1 бірлік, № 18-15.06-1.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

С-R-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттер: (блок А-7) Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы ҚР қолданыстағы заңнамалары негізінде аудандық аумақтық инспекциясының қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және оған жалпы басшылық жасайды. Мемлекеттік органдарда және өзге де мекемелерде аудандық аумақтық инспекцияның мүддесін қорғайды. Инспекция қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды. Белгіленген заңнама тәртібінде инспекция қызметшілеріне көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Өз құзіреті шегінде инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға арнайы жауапкершілік артады. Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, реттелетін салада мемлекеттің аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады. Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің тізбесіне қосу бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына ұсыныс енгізеді. Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына ұсыныс енгізеді. Әдістерді, әдістемелерді, ұсыныстарды, реттелетін тәртіпті, фитосанитариялық іс- шараларды жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік органдардың, фитосанитариялық іс шаралардың жүргізілуіндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді. Жергілікті орындаушы, шекаралық, кедендік, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Инспекторлық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және болдырмау туралы шараларды қабылдау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті қалыптастыру мақсатында мекемеге ҚР заңнамасын оқытуды жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы есеп жүргізеді. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау. Бекітілген кестеге сәйкес, азаматтарды қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына, инспекция туралы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ облыстық инспекция басшылығының өзге де тапсырмаларын жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемлерді жүзеге асырады. Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы өсімдіктер қорғау заңнамасының фитосанитариялық бақылау талаптарының тиісті аумақта сақталуын ұйымдастырады және жүзеге асырады. E-Otinish электронды платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды жүзеге асырады. МИК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына E-Otinish электронды платформасында тіркелген жеке және заңды тұлғалардың статистикалық есептілігін бекітілген мерзімде ұсынуды бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпкерлік субьектілеріне өсімдіктер қорғау саласында профилактикалық бақылауды бару және бармау арқылы жүзеге асырады.Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар беру кезінде «Өсімдіктер карантині туралы» стандарттар мен Заңға және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік обьектлерден және бөгде түрлерінен қорғау жөніндегі қағидаларын қатаң сақтау және сапалы рәсімдеу; Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманың орындалуын, жеке және заңды тұлғаларға, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына берілген өсімдіктер карантині бойынша қажетті іс-шараларды өткізуді бақылайды. ҚР АШМ АӨК МИК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция ММ-сі сұраған жедел ақпарат пен есептіліктің уақтылы және сенімсіз ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру; Сеніп тапсырылған негізгі құралдардың және басқада материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды. Жұмыс берушіні материалдық активтердің сақталу қауіпінің бар екенін куәландыратын мән –жайлар туралы барлық мәліметтер және уақтылы хабардар ету және осындай активтерге зиян келтірмеу үшін пәрменді шаралар қабылдау. Бағынышты мемлекеттік қызметшілердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2024 – 11.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу күні

14.11.2024

Сұхбаттасу орны

Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57В

Анықтама алу үшін байланыс

87172555-885