Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы аумақтық инспекциясы фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-14.3-3.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттер: (блок А-5) Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; жұмыс жоспарын құрастыру; ақпараттарды жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; дау мәселелері туа қалған жағдайда сарапшы болу. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың карантиндік немесе фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, тұқым және карантиндік арамшөп өсімдіктердің жемістерін өміршеңдігінен айыруды, және (немесе) залалсыздандыру мен ағаш қаптау материалының таңбалануын қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты қайта өндеуді және оны қайта өндейтін өнімдерді жүзеге асыратын нысандарға есептік нөмір беру, ғылыми – зерттеу мақсаттарында карантиндік нысандарды (карантиндік зиянды ағзаларды) әкелуге келісу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс–шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау Бөлім басшысымен белгіленген басқа міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу күні

06.11.2024

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71

Анықтама алу үшін байланыс

87172 555-885