Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Ақтау қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы , санаты C-R-4 (1 бірлік), 18-13-01-2.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария (агрономия)
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктер карантині жөніндегі карантиндік ахуалды және іс-шараларды жүргізуді бақылайды. Шетелдік тұқымдармен және көшеттік материалдармен өндірілген пайдаланатын жерді, егістікті және көшеттерді, астық қабылдау пункттарын, қоймаларды және басқа да үй-жайды тексеріс жүргізеді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізеді. Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекциялардың фитосанитарлық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы фитосанитариялық, карантиндік сертификат алу үшін келіп түсетін өтінімдерді стандарт бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындайды, қадағалайды. Карантиндік бақылау мен тексеру, зертханалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және шығу аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, сондай-ақ арналып белгіленген пунктын ескере отырып карантинге жатқызылған өнімге белгіленген үлгідегі фитосанитариялық, карантиндік сертификат береді. Карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оны өткізудің сапасына бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктеп алуды, зертханалық сараптамадан өткізуді бақылайды. Шетелден әкелінетін импортталатын және экспортталатын карантинге жатқызылған өнімге карантиндік бақылауды, тексеру және зертханалық сараптауды, сондай-ақ Қазақстан аумағында тасымалданатын карантинге жатқызылатын өнімге тексеруді жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғаларын, жеке және заңды тұлғалардың белгіленген карантиндік ережені және іс-шараларды орындауына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен, іс-шаралар Ережесін барлық меншік нысанындағы базарларда, ұйымдар мен ведомстволарды орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Жыл сайын карантиндық нысандарды анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының № 375-V «Кәсіпкерлік Кодексіне» сүйеніп инспекторлық тексерістерді жүргізеді, заңдарды бұзған кезде жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынады, мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Атқарылған жұмыстар және карантинге жатқызылған өнімдердің тасымалы жөнінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде және өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері мемлекеттік инспекция бөлімінде есептерді жинақтап дайындайды. Өсімдіктерден алынатын өнімдерді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымддардың, ішкі сауда объектілерінің шаруа немесе фермер, үй-жайларын, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерін жүргізеді; Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sailauova.a@minagri.gov.kz
- 12.11.2024
- город Актау, микрорайон 16/1
-
87172-555-885