ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, C-R-4 (1 бірлік), № 10-8-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

Инспекцияның құзыреті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз етеді. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылайды және қадағалайды. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасайды және қадағалайды. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды және қадағалайды. Құзыреті шегінде ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылайды және қадағалайды.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылайды және қадағалайды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды. Құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бойынша дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылуын бақылайды және қадағалайды.

Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылайды және қадағалайды. Ауданның аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғаларға "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру", "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк  қызметтерді стандартқа сәйкес көрсетеді. Ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастырады, жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.

Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және өзге де объектілерге тексеруді ұйымдастырады және жүзеге асырады.  Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.

Инспекцияның құжаттарын «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың тәртібі туралы нұсқаулығына» сәйкес  жүргізеді, рәсімдейді және қалыптастырады. Аудан аумағында өндірістік обьектілерге және ішкі сауда обьектілеріне  ветеринариялық бақылау жүргізеді.  Жолданымдар (арыз, шағымдар) ТӨ-№1 (№1-ОЛ) нысанының есебінің мәліметтерінің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға ай сайын салыстыру-актісін тапсырып отырады.

ЕАСУ және ЕСП бағдарламаларымен жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2024 – 31.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

06.11.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945