ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті биологиялық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2025 жылғы 30 маусымға дейін), № УББ-8
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Басқарманың сарапшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы, уақтылы және тиісінше орындауға дербес жауапты болады;
2) құжаттардың, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарының, сондай-ақ басқарма басшысының, Комитет басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізеді;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысады;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
7) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС бірлесіп, деректер базасының бағдарламалық құралдарын жетілдіру және АЖ АЖ кемшіліктерін жою бойынша жұмыс жүргізеді;
8) аумақтық инспекциялармен келісілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу қағидаларына ұсыныстарды жинауды және талдауды жүзеге асырады;
9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының жобасын әзірлеуге қатысады;
10) РПО-дан ЖАО-ға (ММЖК) аспалы құлақ сырғаларын беру жөніндегі бұйрықты әзірлеуге құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;
11) сатып алынған құлақ сырғалары бойынша ақпарат жинақтауды, сондай-ақ "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ ұсынатын Республика бөлінісінде құлақ сырғаларының қалдықтары (пайдаланылмаған) бойынша жүргізілген мониторингті жүзеге асырады;
12) ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құлақ сырғаларын Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бөлігінде "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" РММ қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) тапсырыс берушілерге (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына) берілген жеке нөмірлер эмиссиясымен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы мәліметтерді салыстырып тексеру арқылы процессингтік орталық жүргізетін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады;
14) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының нормалары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі аумақтық инспекциялардың әрекетін үйлестіреді;
16) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
17) Басқарманың құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
18) Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді;
19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма құзыреті шеңберінде басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ветеринария мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
20) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
21) Басқарманың құзыретіне кіретін салаларда Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
22) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
23) Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды;
24) Басқарманың құзыретіне кіретін ынтымақтастық мәселелері бойынша материалдар дайындауды, шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысуды жүзеге асырады;
25) Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
27) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.11.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945