Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті сыртқы сауда басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру; кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілуі мүмкін өзге де тауарлардың тізбесін әзірлеу; нормативтік құқықтық базаны, баға, кеден қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; АӨК отандық өнімдерін сату үшін кедергілерді жою бойынша шаралар әзірлеу; АӨК өнімдерінің электрондық сауда жүйесін құруға қатысу; Еуразиялық экономикалық одақтың алаңында ұсыныстар әзірлеу үшін агроөнеркәсіптік кешеннің барлық тауарлары бойынша нарықтарға талдау жүргізу; кедендік-тарифтік және тарифтік емес шараларды, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, шикізат пен материалдарды әкелуге, әкетуге және олардың айналымына тыйым салулар мен шектеулерді әзірлеу және қолдану; үшінші елдермен еркін сауда туралы сауда келісімдерін әзірлеуге қатысу; еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия береді; Департамент құзыретіне кіретін Департаменттің, Министрліктің басшыларының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 555-918