ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, C-O-5 санаты, (1 бірлік), № ОБПП-2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Маңғыстау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Өз құзыреті шегінде облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау іс-шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға; Жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау іс-шаралардың жүзеге асырылуын аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардан талап етуге; Ветеринариялық талаптар сақталмаған, ветеринариялық құжаттар дұрыс жасақталмаған жағдайларда, ет және ет өнімдерінің саны, сапасы, салмағы және орамы жөніндегі сәйкессіздіктер айқындалғанда, белгіленген тәртіпке сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттарды, басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді уақытша өткізуге немесе тасымалға тыйым салу шараларына қатысуға; Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынған сынамаларды, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасын анықтау мақсатында құзырлы мекемелерге зерттеу жүргізу үшін жіберу шараларын ұйымдастыруға; Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу жұмыстарына талдау жасауға; Ветеринариялық құжаттарды ресімдеу және беру жұмыстарын ұйымдастыруға; Жануарлар және адам денсаулығына қауіп төндіретін бақылаудағы объектілерді алып қою және жою жұмыстарына қатысуға; Реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға; Өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына жауап беруге;Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын жасақтауға және оның орындалысына қатысуға; Ветеринарлық құжаттардың дұрыс жасақталуына және оларға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктердің тасымалдауда құжаттардың нақтылығын қамтамасыз етуге бақылау жасауды ұйымдастыруға; Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардың жүргізген мемлекеттік бақылау, қадағалау жұмыстарына басшылық жасап, орындалысына мерзімдер (ай, тоқсан, жартыжыл, жыл) бойынша талдау жасап, қорытынды шығаруға; Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардың жұмысына бақылау жүргізуге; Аудандық, қалалық аумақтық инспекциялар көрсететін мемлекеттік қызметтерінің орындалуына талдау жасау.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 25.10.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945