ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы , (1 бірлік), № ОАФО-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметке алу, шығару рәсімдерінің құжаттарын дайындайды;

мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарын рәсімдейді;

мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің есебін жүргізеді;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, бірыңғай автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйе) енгізеді;

мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады;

қызметшілердің жеке іс қағаз қызметтеріне байланысты өзгерістерді енгізеді; қызметшілердің еңбек кітапшаларын толтырады және есепке алады;

қызметшілердің жұмысқа келуі, кетуі, болмауы жайлы есеп-табелін жүргізеді; қызметшілердің әскери есебін және әскери комиссариаттармен салыстырмалық есептерін жүргізеді;

қызметшілердің жыл сайынғы табыс және мүлік жөніндегі декларацияларын салық органдарына тапсырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;

кадр бойынша есептерді дайындайды және бөлім басшысына тапсырады;

«Е-Архив» ақпараттық жүйесінде мұрағаттық істерді жүргізуді жүзеге асырады;

заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша айлық салыстыру актісін ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасына тапсырады;

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

В функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.10.2024 – 21.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945