ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Кітапхана ісі
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

В блогы

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде;

ұйымның, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін бастапқы бухгалтерлік құжаттаманың бірыңғай нысандарына сәйкес жүргізеді;

сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды ресімдейді;

еңбек заңнамасы, ұйым басшысының ережелері мен бұйрықтары, сондай-ақ басқа да белгіленген кадрлық құжаттама;

қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне қатысты өзгерістер енгізеді, біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссияларға қажетті материалдарды дайындайды;

бос əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жүргізеді;

қызметкерлерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну үшін материалдарды дайындайды, еңбек кітапшалары мен басқа да құжаттарды толтырады, есепке алады және сақтайды, қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтамалар береді, еңбек кітапшаларына және қызметкерлердің басқа да құжаттарына жазбалар енгізеді;

ұйым персоналы туралы деректер банкіне қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы мәліметтерді енгізеді;

оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды, қызметкерлерге демалыс берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалысы кестелерінің дайындалуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады, кадрлардың тұрақтамауының себептерін зерделейді, оны қысқарту шараларын әзірлеуге қатысады, еңбек демалысы аяқталғаннан кейін құжаттарды дайындайды. мұрағатқа сақтау үшін ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдерін белгілейді, белгіленген есептілікті жасайды;

істер номенклатурасын жасау, құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жүргізу және жетілдіру, әдістемелік басшылық және бөлімде құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау және ведомстволық мұрағатқа жауапты;

кадр жұмысы туралы есептерді жасайды және уәкілетті органдарға ұсынады;

мемлекеттiк органда кәсiптiк бейiмдеу мен тәлiмгерлiктi ұйымдастырады;

мемлекеттiк орган персоналының бiлiктiлiгiн арттыруды, оның iшiнде белгiленген мерзiмдерге сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң тағылымдамадан өтуiн, даярлауын, қайта даярлауын, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi;

кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды ұйымдастыру.

«Е-Қызмет» бағдарламасын жүргізу;

АҚАИ  іссапардың нәтижелері бойынша ОТИ басшысының орынбасарына есеп ретінде тиісті инспекция басшысы мен іссапарға барушы қол қойған анықтама беріледі;

Инспекция басшылығы мен бөлім басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.10.2024 – 22.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.10.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945