Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Өсімдіктерді қорғау басқармасының сарапшысы, C-5 санаты, 1 бірлік, № 18-1-9
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-5) Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға қатысу; фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру; өсімдіктерді қорғау саласындағы бюджеттік жоспарлауға қатысу; өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес стратегияны іске асыру; ОТИ жылдық есептерін қарау; өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; фитосанитариялық мониторингті жүргізу, фитосанитариялық іс-шаралар және фитосанитариялық бақылау мәселелері бойынша материалдар дайындау; өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша Министрліктің Веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру; Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін, оның ішінде Басқарманың құзыретіне кіретін бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысу. Өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету; пестицидтерге ұсақ-мөлдекті және өндірістік сынақтар жүргізуді бақылауды ұйымдастыруға қатысу; қызмет мәселелері бойынша ақпарат дайындау; өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды; пестицидтер айналымы мәселелері бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынуды ұйымдастыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
87172-555-885, 8708-104-92-72;