ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, С-О-1 санаты, (1 бірлік), № Р-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Алматы облысы
611 721
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Инспекцияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді; реттелетін салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды іске асырады; ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикасын жүргізу бойынша бағдарламаны, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың (импорт, экспорт және транзит кезінде) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторингті ұйымдарда; ветеринария саласы бойынша қолданылатын жануарлар ауруларының қоздырғыш штаммдарының тасымалдануына (жеткізуіне), сақталуына, қолданылуына және жойылуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға бақылауды және қадағалауды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; шекара және кеден пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізуге бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларын көтермелейді және тәртіптік жазаға тартады; бұйрықтарға қол қояды; құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар туралы ережелерді бекітеді; заңнамада белгіленген тәртіппен іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.10.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945