Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқарманің бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УКОИПР-3

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Ақпарат пайдаланушыларға Комитеттің және оның бағынысты мекемелерінің құзыретіне, сондай-ақ олардың қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпаратты беру,Қазақстан Республикасының заңдарында немесе басқа нормативтік құқықтық актілерде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, Комитеттің және оның бағынысты мекемелердің құзыретіне, сондай-ақ олардың қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функцияларды орындау, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік тіл саясатына қатысты Комитет басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларын орындау, мемлекеттік тіл саясатының орындалуын және Комитеттің негізгі қызмет құжаттарын (бұйрықтар, хаттар, нормативтік-құқықтық актілер жобалары, ақпараттар, есептіліктер және т.б.) орыс тілінен мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік тіл бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, жетістіктер көрмелері, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты Министрлік пен Комитеттің іс-шараларын әзірлеу және өткізу, «Министрліктер үйі» ғимаратына рұқсатнама жүйесі бойынша жұмыстарды жүргізу (қызметкерлерді электрондық рұқсатнамамен қамтамасыз ету, демалыс және мейрам күндеріне тізімдер ұсыну, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің тізімдерін келісу және дайындау), Комитетте кезекшілік кестесін жасау және оны бақылау, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық орталығына қызметкерлерді тіркеу және тіркеуден алу, санаториялық-курорттық оңалтуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің тізімін жолдау, Комитеттің награда бойынша бұйрықтарын, ұсыныстарын, сондай-ақ наградаларды тапсыру хаттамаларын рәсімдеу, Ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсынымдарды қарастыру және ұйымдастыру, Кеңестер, семинарлар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру, олардың хаттамаларын жасау және мәжілістерге қатысу үшін басшылықтың құжаттары мен материалдарын дайындау, Министрліктің аппараттық мәжілісінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша апта сайынғы ақпаратты дайындау және жинақтау, «Е-Қызмет» жүйесіне мәліметтерді еңгізу, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Комитет төрағасының бақылаудағы тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру, Комитетке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау, және сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет және Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау (Блок Б, грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2024 – 16.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

18.10.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15