Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жерді пайдалану мониторингі басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, индексі №19-3-06

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Комитет пен Министрліктің басшылығы үшін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету және тапшылық мәселелері бойынша ақпараттық талдамалық материалдар дайындау. Жер заңнамасын және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану практикасын жалпыға таныстыру. Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету және тапшылық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпаратты жинақтау және талдау жүргізу. Жергілікті атқарушы органдар жүргізетін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету және тапшылық мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Жергілікті атқарушы органдармен жүргізген жұмыстардың нәтижелері бойынша тоқсан сайын қалыптастырылған халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету және тапшылық мәселелері бойынша ақпаратты талдау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтармен (халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету және тапшылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштерді қарау) жұмыс жасау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау. Функционалды блогы-А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2024 – 09.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Mb

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 подъезд, 1008 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-97-26