Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік),18-13.1-2.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Өсімдіктер карантині жөніндегі карантиндік ахуалды және іс-шараларды жүргізуді бақылайды. Шетелдік тұқымдармен және көшеттік материалдармен өндірілген пайдаланатын жерді, егістікті және көшеттерді, астық қабылдау пункттарын, қоймаларды және басқа да үй-жайды тексеріс жүргізеді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізу. Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекциялардың фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық, карантиндік сертификат алу үшін келіп түсетін өтінімдерді стандарт бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындап, өсімдіктер карантині порталдарына тіркеп, оны қадағалайды. Карантиндік бақылау мен тексеру, зертханалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және шығу аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, сондай-ақ арналып белгіленген пунктын ескере отырып карантинге жатқызылған өнімге белгіленген үлгідегі фитосанитариялық, карантиндік сертификат береді. Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды үнемі жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оны өткізудің сапасына бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктеп алуды, зертханалық сараптамадан өткізуді бақылайды. Шетелден әкелінетін импортталатын және экспортталатын карантинге жатқызылған өнімге карантиндік бақылауды, тексеру және зертханалық сараптауды, сондай-ақ Қазақстан аумағында тасымалданатын карантинге жатқызылатын өнімге тексеруді жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты мемлекеттік органдардың ұйымдардың лауазымды тұлғаларын, жеке және заңды тұлғалардың белгіленген карантиндік ережені және іс-шараларды орындауына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен, іс-шаралар Ережесін барлық меншік нысанындағы базарларда, ұйымдар мен ведомстволарды орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Жыл сайын карантиндық нысандарды анықтау үшін, көктемгі-жаз уақыттырында зерттеу жұмыстарын жүргізу, карантиндік іс- шаралар жүргізу үшін тиісті орындарға нұсқамалар беріп, оның орындалуын бақылау, химиялық өңдеу жұмыстарына бақылау жасау және оның биологиялық тиімділігіне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті акттеріне қол қояды. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының № 375-V «Кәсіпкерлік Кодексіне» сүйеніп инспекторлық тексерістерді жүргізеді, заңдарды бұзған кезде жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Еуразиялық Экономикалық Одағының сыртқы шекарасында орналасқан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Еуразиялық Экономикалық Комиссия Кеңесінің 30.11.2016ж. №157 шешіміне сәйкес, бірыңғай фитосанитариялық талаптарының орындалуына бақылау жасау. Атқарылған жұмыстар және карантинге жатқызылған өнімдердің тасымалы жөнінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде және өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері мемлекеттік инспекция бөлімінде есептерді жинақтап дайындайды. Өсімдіктерден алынатын өнімдерді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымддардың, жалпы сауда объектілерінің шаруа немесе фермер, үй- жайларын, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерін жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынады, мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау. Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы уақытша болмаған кезде Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысының міндетін осы бөлімнің бас маманы атқарады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sailauova.a@minagri.gov.kz
- 11.10.2024
- Ақтау қаласы, 16/1 шағын ауданы
-
87172-555-885