Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), Функционалдық блогы "В"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Комитеттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындау, Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындауға қатысу; Комитетке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге көмек көрсетуді және келісуді қамтамасыз ету; Комитетте, Министрлікте, Парламентте, Үкіметте, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестер мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; заңнаманы насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру; Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау; Комитеттің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларды жүргізу; Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мангилик Ел даңғылы, 8 ғимарат, 3 кіреберіс
-
8 (7172)74-97-26