Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Балық ресурстарының өсімін молайту және ғылыми қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 27 тамызға дейін ), УВРРИНО-2

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Биология
  • Экология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Функционалды міндеттер

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға, салалық бағдарламаларды, даму жоспарын, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру; балық ресурстарының өсімін молайту мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламаларға негіздеме, ведомстволық бағынысты кәсіпорындарды қайта жаңғырту бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу; балық ресурстарына келтірілетін, келтірілген, болмай қоймайтын зиянды өтеу мәселелері бойынша шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыратын субъектілермен әзірленетін техника-экономикалық негіздемелерді және жоба-сметалық құжаттарды қарастыру; су айдындарын балықтандыру, жаңа балық түрлерін жерсіндіру, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібінің орындалуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; бағалы, сирек және құрып кету қаупі төніп тұрған балық түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау, жасанды өсіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың биологиялық негіздемелерін (басқарма жұмысына қатысты), ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептерін, ұсынымдары мен ұсыныстарын қарау, республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржылық есептер мен тиісті материалдарды дайындау, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет және Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау . (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.09.2024 – 25.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

27.09.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15