Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы, санаты C-O-4 (1 бірлік), 18-13.1-1.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

 

 

Функционалды міндеттер

Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының жұмыстарына әдістемелік басшылық беріп оны қадағалайды. Жоғары мемлекеттік органдардан және инспекция басшысынан келген тапсырмаларды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға орындау үшін тапсырма береді және оны қадағалайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімдердің тасымалы және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараттар мен есептерді орындауға тапсырма береді және оны қадағалайды. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен, және сатумен байланысты мемлекеттік органдардың ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың лауазымды тұлғаларының карантиндік Ережелерді орындауына бақылау жүргізеді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Өсімдіктер карантині жөніндегі шаралардың орындалуын ұйымдастырады және жоспарлайды. Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекциялардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына фитосанитариялық, карантиндік сертификат алу үшін келіп түсетін өтінімдерді стандарт бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындайды және басшылық етіп оны қадағалайды. Карантиндік бақылау мен тексеру, зертханалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және шығу аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, сондай-ақ арналып белгіленген пунктын ескере отырып карантинге жатқызылған өнімге белгіленген үлгідегі фитосанитариялық, карантиндік сертификат береді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізеді және мүдделі адамдарға ақпарат береді. Облыста карантиндік объектілердің барын және таралу базасының деректерін құрылуын, оларға қарсы күрес шаралары мен іс-шараларын ұйымдастырады. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органдардың мүддесін атқарушы, өкілетті және басқа да мемлекеттік органдарда қорғайды. Тиісті аймақтарда жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ахуалды және карантиндік іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды. Карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою іс-шараларын өткізуге бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнім мен көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оның орындалуына сапасына бақылау жүргізеді. Аумақтық инспекциялардың басшыларына облыстық, аудандық инспекцияларының карантин жөніндегі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға және қызметінен босатуға ұсынысын береді. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстық, аудандық инспекцияларының, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларын қызметіне сай аттестациялауды ұйымдастырады. Карантин режимін енгізумен карантин аймағын белгілеу немесе оның күшін жою туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының № 375-V «Кәсіпкерлік Кодексіне» сүйеніп инспекторлық тексерістерді жүргізеді, заңдарды бұзған кезде жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынады, мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.09.2024 – 11.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу күні

16.09.2024

Сұхбаттасу орны

город Актау, микрорайон 16/1

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885