Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-7.2-2
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок А-5
Реттелетін салада мемлекеттік бақылау-қадағалауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; жұмыс жоспарын құрастыру; ақпараттарды жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылайды. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізу бойынша тиісті жұмыстарды бақылауға алады. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін бақылауға алады; карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, техникалық қайта өңдеуге, тазалауға және жоюға, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыруға және тазалауға, карантинге жатқызылған өнімді тоқтатуға, қайтаруға, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын жүзеге асыруға бағытталған тиісті іс-шараларға бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізеді.
Карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды беретін, Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалау және де Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелу мемлекеттік қызметтерін көрсететін аудандық аумақтық инспекциялардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
simonenko.anna@minagri.gov.kz
- 17.09.2024
- Тараз қаласы, Пушкина көшесі 140 Б
-
87172555885