ҚР АШМ ЖРБК Алматы қаласының ЖРБД жерді пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геодезия және картография
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Геодезия
  • жер кадастры

Қосымша талаптар

жер ресурстарын басқару және оларды қорғау

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері:  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және орындауға келіп түскен қызметтік хаттарды қарау, өз уақытында орындауды қамтамасыз ету;  Шаруашылық субъектілеріне тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына тексеру тағайындау актілерін тіркеу; Жер заңнамаларын бұзушылықты жою шараларын қабылдау, өз бетімен иеленген жер телімдерін мәжбүрлі түрде босату жөнінде шаралар қабылдау үшін сот органдарына материалдар дайындап, сондай-ақ сот отырыстарына қатысу және қатысуды ұйымдастыру;  Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актілер) жасау және жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;  Жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың жер заңнамаларын сақтауына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізуді ұйымдастыру;  Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге; Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Орындау үшін міндетті, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар немесе нұсқаулар беру;

Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;

Республикалық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына; Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне; Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына; Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;

Жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына; Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; Межелік белгілердің сақталуына;

Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына; Бүлінген жерлердің рекультивациялануына; Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;

Тексерудi Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзу; Тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерілетін субъектілердің белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеу; Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беру; Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беру; Егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын әзірлеу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру; Орталық уәкілетті органға ұсыну мақсатында соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты қалыптастыру. Департаменттің мүддесін жер заңнамаларына қатысты мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау, азаматтық істерге қатысу; 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.09.2024 – 11.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

17.09.2024

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 115

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-97-26