Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, 18-16.4-3.
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы
Түркістан облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
уәкілетті органның номативтік құқықтық актісінде бекітілген тиісті құзыреттер;
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
стратегиялық құжаттарды білу;
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функциональдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
: (блок В-4) ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының және бөлімнің іс- қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді. Облыстық инспекцияның аппаратына электронды пошта, БЭҚЖ арқылы, қолма-қол келген хат- хабарларды тіркейді, қабылдайды. Кіріс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді; инспекция басшысы қарағаннан және қол қойғаннан кейін құжаттаманы облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізеді. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен (бақылауда тұрған) шұғыл құжаттаманы инспекция бөлімдерінің уақытылы орындауын бақылайды. Шығыс хат-хабарды тиісті түрде рәсімдейді, орындалған құжаттарды адресаттарға жолдайды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастайды. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және мерзімнен кешіктірмей жауап беруін бақылайды. Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыруды жүргізеді. Инспекция аппаратында іс мұрағатының жағдайын ұйымдастырады және оған жауапты. Іс-қағаздардың аяқталған құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды, істерді мемлекеттік мұрағатқа сақтауға дайындауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы ақпаратты жеткізеді; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс- шараларды сақтау. Қатаң есепке алу бланкілерінің есебін жүргізеді. Облыстық аумақтық инспекцияның қабылдау бөлмесінде кезекшілікті ұйымдастырады. Арнайы байланыс арқылы жіберу үшін құжаттарды ресімдейді. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kaiyrbayeva.u@minagri.gov.kz
- 06.09.2024
- Түркістан қаласы, Жаңа қала ш / а, 32-көше, 16-ғимарат.
-
87172555-885