Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит департаменті ішкі аудит басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімделігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі аудитті жүзеге асыру; Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауын тексеруді жүзеге асыру; Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау; есеп және есептілік жүргізудің шынайылығы мен дұрыстығын аудитті жүзеге асыру; бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына аудит жүргізу; аудиттік есеп жасау; аудит объектісінде анықталған нақты мерзімге арналған бұзушылықтардың нәтижелері, бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен шарттар және жұмыстағы кемшіліктер, сондай-ақ, оларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жасау; мемлекеттік орган қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар жасауға қатысу; аудит объектілеріне жіберілген ұсыныстардың және аудит нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындауын бақылауды жүзеге асыру; тәуекел дәрежесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеу; ішкі аудит қызметі жүргізген аудит іс-шараларының нәтижелері туралы есепті жасау және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну; ведомстволық бағынысты ұйымдарда Басқарма жүргізген тексеру материалдарын қорыту, талдау және Министрлік басшылығына жүргізілген тексеру қорытындылары туралы тиісті ақпаратты дайындау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұйымдардың ұсыныстарын және азаматтардың өтініштерін қарау (функционалдық міндеттер бөлігінде); Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 555-918