ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (1 бірлік), № ОПБ-10
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Шымкент қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Жануарлардан алынатын өнімдерге мониторинг жүргізу. Басқа мемлекеттерден әкелінетін жұқпалы және экзотикалық мал ауруларынан қала аумағын қорғау. ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қадағалайды. Ветеринария сұрақтары бойынша қызметті ұйымдастыру және қадағалау, ауыл шаруашылық жануарлары өнімдеріне бақылау және қадағалау, қала аумағындағы ішкі сауда объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарастыруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарын салу. Ветеринариялық есепті дайындау және ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 06.09.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945