Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5, 2 бірлік
Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті
Шымкент қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Жерге орналастыру
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және орындауға келіп түскен қызметтік хаттарды қарау, өз уақытында орындау; Шаруашылық субъектілеріне тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына тексеру тағайындау актілерін тіркеу; Жер заңнамаларын бұзушылықты жою шараларын қабылдау, өз бетімен иеленген жер телімдерін мәжбүрлі түрде босату жөнінде шаралар қабылдау үшін сот органдарына материалдар дайындап, сондай-ақ сот отырыстарына қатысу; Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актілер) жасау және жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару; тЖергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың жер заңнамаларын сақтауына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізу; Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген залалды өтеу, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою, жер учаскелерін беруге, нысаналы мақсатын өзгертуге, алып қоюға, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда оларды орындау және жеке тұлғалардан, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге;мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;орындау үшін міндетті, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар немесе нұсқаулар беру;Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеу үшін Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және оны тоқтату туралы хабарлама жіберу;Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;Республикалық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына;Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;Жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; Межелік белгілердің сақталуына; Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына; Бүлінген жерлердің рекультивациялануына;Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;Егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын әзірлеу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;Орталық уәкілетті органға ұсыну мақсатында соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты қалыптастыру.Департаменттің мүддесін жер заңнамаларына қатысты мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау, азаматтық істерге қатысу; Департамент қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заңдық мәселелер бойынша жұмыс жүргізу, кеңес беру, қорытынды әзірлеу. Бөлім басшысы-мемлекеттік инспектор Қазақстана Республикасы нормативтік құқықтық келісімдерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысуға; Сыбайлас жемқорлық жасауға жол бермеу, қарсы күресуге бағытталған шараларды қабылдау, департамент бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында сабақтардың, құқықтық-оқытудың, мақалалар жариялаудың кестесін сақтау және орындау және есебін жүргізу; Бөлімге келіп түскен мемлекеттік органдардың, прокуратура, сот органдарының хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын уақытылы қарап және белгіленген мерзімде орындау; Енгізілудегі ақпараттық-талдау жұмыстары мен мониторингінің үлгілерін мен әдістерін меңгеру;Белгіленген есептерді дайындау; Мемлекеттік тілде іс-жүргізуді және мемлекеттік тілдің негізгі іс жүргізу тілі ретінде пайдалану; Тиісті өкілетті органдарға және олардың аумақтық бөлімдеріне есептерді уақытында дайындап, тапсыру; Әдеп кодексінің талаптарын, мінез-құлқының нормаларын сақтау; Еңбек тәртібін сақтау. Блок А-5
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sharipova.a@minagri.gov.kz
- 04.09.2024
- Шымкент қаласы, М.Дулати көшесі, 3
-
749627