Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 12.11.2026 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), С-5 санаты, 1 бірлік, № 18-8-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Журналистика
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, депутаттық сауалдардың, Министрліктің шешімдерінің – алқа қаулыларының, бұйрықтардың, Министрдің, тапсырмаларың уақтылы орындалуын бақылау; бақылау құжаттарын орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру; жоғары тұрған басшылыққа бақылау құжаттарының орындалуы туралы ақпаратты тұрақты негізде дайындау және ұсыну; Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету; құжат айналымын қысқарту бойынша талдау және мониторинг жүргізу; жолданымдарды «E-Otinish» ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асыру; өтініштерді «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілікті дайындау; Министрліктің сайтында орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну; істер номенклатурасын қалыптастыру және уәкілетті органдармен келісу; негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу; кіріс хат-хабарларды өңдеу, оны тіркеу және есепке алу; Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесін және азаматтарды қабылдау бойынша есептерді жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; аппараттық кеңестердің хаттамаларын жүргізеді; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма басшылығының өзге де таппсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2024 – 26.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885, 8708-104-92-72;