Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Орталық аппараттың бюджет қаражатын мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасауға қатысу; қазынашылықтың аумақтық органдары арқылы жүргізілетін операциялардың есебін жүргізу; тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) жеткізу актілерін актінің тиісінше рәсімделуі мәніне тексеру; қаржыландыру жоспарларының орындалуы және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша Министрлігінің комитеттерімен өзара іс-қимыл жасау; дебиторлық және кредиторлық берешекті болдырмау мақсатында республикалық бюджеттің төлемдері мен міндеттемелері қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу; Министрліктің орталық аппаратына қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, әкімшілік-шаруашылық шығыстары мәселелерін үйлестіру; еңбекақыны аударуды, іссапар шығындарын есепке алуды, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына аударымдар жіберуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, салық органдарына, статистика мекемелеріне есептілікті ұсыну; карталық шоттар бойынша банкпен жұмыс; орталық аппараттың бухгалтерлік есептілігін уақтылы жасау және белгіленген мерзімдерде ұсыну.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2024 – 16.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918