Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғаммен байланыс департаменті Қоғаммен байланыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Шетел филиологиясы
  • Саясаттану
  • Менеджмент
  • Қоғамдық байланыс

Функционалды міндеттер

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды және жұмысты үйлестіреді (PR-акцияларын, баспасөз конференцияларын, сұхбаттарды ұйымдастыру және өткізу); Аграрлық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; бұқаралық ақпарат құралдарын Министрліктің қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауаптар дайындау; Басқа орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу; ақпараттық-имидждік жұмыс мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен, қорлармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл; мемлекеттік органдарға есептерді уақытында дайындау; кіріс және шығыс хат-хабарларға құжаттарды уақытында дайындау; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің кіріс хаттарын қарау және өзара іс-қимыл; Үкіметтік емес ұйымдармен, қауымдастықтармен, партиялармен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесімен өзара іс-қимыл; «Ашық диалог» порталында интернет-конференция және сауалнамалар өткізу, жазбаларды орналастыру және ашық отырыстарды онлайн трансляциялау режимінде өткізу; «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер» порталында мониторинг жүргізу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша ішкі бағалау жүргізу; жоғары басшылықтың басқа да тапсырыстарын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2024 – 16.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3 (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918