ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 23 тамызға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № УПО-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
В функционалдық блогы.
3.1. Басқарма басшысы:
1) Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды уақтылы орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
3) сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Комитеттің мүдделерін білдіруді ұйымдастырады және қамтамаыз етеді;
4) Комитет әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс-жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;
5) Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындайды;
6) Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
7) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Комитеттің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитет атынан түсiнiктеме дайындайды;
8) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;
9) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитет пен оның аумақтақ бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
10) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы бырлық сот сатыларында қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;
11) Басқарманың орындаушылық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
12) Басқармадағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
13) Басқарманың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде ұйымдастыру техникасын, әдебиетті, кеңсе тауарларын ұйымдастыруды, Басқармаға бекітілген мүліктің тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
14) ішкі еңбек тәртібі ережелерінің талаптарын сақтайды;
15) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады;
16) Басқарма туралы Ережеде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.08.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945